
Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Құрбан айт кезінде ата – бабаларымыз мұқтажға қол үшін беру сынды игі дәстүрлеріміз арқылы өзгеге өнеге болатын ізгі әрекеттер көрініс тапқан. Осындай асыл үрдістер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Береке мен бірлікті арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың бірі – бірімен етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Халқымыз осынау мерекені асыға күтіп, құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді.
Қадірменді жерлестер!
Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!
Ізгі тілекпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров