ВЕЛОШЕРУШІЛЕР АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

ВЕЛОШЕРУШІЛЕР АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және шекара қызметінің 30 жылдық төл мерекесін ұлықтау мақсатында бүгін ауданымызға веломарафоншылар келіп жетті. Алматы қаласынан 1 шілде күні шыққан веломарафоншылар құрамында ҰҚК Авиациялық басқармасының подполковнигі Талғат Халитов бастаған, құрамында подполковник Дәурен Бұхаров, капитандар Дәулет Мәмбеталиев, Қанат Қайрат және жерлесіміз, Ақсу-Аюлы ауылының тумасы, ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлімше бастығы, майор Абай Сапаров бар.
Жерлесіміз Абай Сапаровпен сұхбаттасқанымызда 1 шілде күні Алматы қаласынан шыққан сапарымыз он бір күнге созылмақ, яғни, 11 шілде күні Нұрсұлтан қаласына жетеміз деген мақсатымыз бар, деді.
Бүгін кешкі сағат 7-лер шамасында веломарофоншылар Қарағанды қаласына бет алды.
Веломарафоншыларды қарсы алған Шет ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Рысқалиұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Ақымжанов, «Шет шұғыласы газетінің директоры Мейрам Дәулетбекұлы сәт-сапар тіледі.