Құрметті аудан тұрғындары! ​Сіздерді еліміздегі мерейлі мереке – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары! ​Сіздерді еліміздегі мерейлі мереке – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл елдік пен бірлікті басты мұрат етіп таңдаған барша Қазақстан халқы үшін айрықша мәні бар маңызды күн. Мемлекетiмiздiң басты қаласы Елорда – елiмiздiң жаңару нышаны, жаңа Қазақстанның саяси атауы және барлық қазақстандықтардың мақтанышы, Отанымыздың жүрегi, Тәуелсiздiгіміздің тiрегi.
​Бүгінде Елорда – сәні мен салтанаты жарасқан ғажайып қала ғана емес, қазақ халқының сан ғасырлық армандарының ақиқатқа айналуының дәлелі, бүгіні бекем, келешегі кемел елдігіміздің айғағы болып отыр.
​Сайын Сарыарқаның төсінде Елордамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз.
​​​​Қадірлі жерлестер!
​Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке, бірлік, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін. Халқымыздың баянды бірлігі, ұйыған татулығы жасасын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болып, еңселі Елордамыз өркендей берсін!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров