АУДАРЫСПАҚТАН АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ!

АУДАРЫСПАҚТАН АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ!

АУДАРЫСПАҚТАН АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ!
Бүгін Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдық мерейтойына орай, 2005 - 2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында аударыспақтан Қарағанды облыстық чемпионаты өтті. Жарыста 4 ауданнан 82 спортшы 8 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы мен Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша федерацияның президенті Шайхин Нұржан Жетпісұлы құттықтау сөз сөйлеп спортшыларға ақ жол тіледі. Облыстық іріктеу кезеңнің жеңімпаздары Көкшетау қаласында аударыспақтан өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.