АЙМАҚ БАСШЫСЫ АҚАДЫР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ!

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АҚАДЫР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ!


Жуырда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде арнайы іс – сапармен болып, кенттегі мәдениет үйінде кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі М.Мұхтаров Ақадыр кентінде ағымдағы жылы атқарылған және алда тұрған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Осыдан кейін кезек жергілікті халықтың сұрақ- жауабына берілді. кездесуде Көтерілген мәселелердің дені абаттандыру, жолдар, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту туралы болды. Сондай-ақ, тұрғындар ауыл арқылы өтетін Нұр-Сұлтан – Алматы пойызы олардың станциясында екі бағытта тоқтауын ұйымдастыруды сұрады. ҚТЖ өкілі бұл мәселені шешуге уәде берді, бұдан басқа, компания жол өтпесі арқылы өтетін жолды орнатумен айналысатынын және вокзал маңындағы алаңды ретке келтіретінін хабарлады. Ал "Қамқор Локомотив" ЖШС көше тренажерларын орнатуға уәде берді.
Кент жастарынан ДСК салу туралы өтініш түсті. Жеңіс Қасымбек аудан әкіміне келесі жылы бассейні бар спорт нысанының құрылысына кірісу үшін жобалау – сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды. Кездесуде денсаулық сақтау мәселелері де көтерілді. Ақадырда салалы мамандар жетіспейді. – Айтылған барлық мәселелер біртіндеп шешілетін болады, Қажетті шаралары бар Жол картасын әзірленеді – деді Жеңіс Қасымбек. Сонымен қатар, облыс әкімі 12 пәтерлі екі үйдің құрылысы жалғасып жатқан нысанда болып, мердігермен кездесті. Аталмыш құрылысқа жауапты мердігер жұмыстар жалғасып жатқанын және күзде үйді тапсыратынын жеткізді.
Жеңіс Қасымбек кент белсенділерімен кеңес заманында темір жол арқылы көпір салуды жоспарлаған аумақты аралап көрді. Аудан әкіміне нысан иесін анықтауды тапсырды.
Ақадыр кенті негізінен "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша жандандырылып жатыр. Өткен жылы А.Ермеков атындағы мектептің асханасы мен спорт залының құрылысына кірісіп, аурухананың күрделі жөндеуі басталды. Сонымен бірге, Байқозы батыр мен Құрманғазы көшелері жөнделеді. Облыстық бюджеттен ұзындығы 5,5 км оңтүстік-шығыс айналма жолының құрылысы қаржыландырылды.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі кенттегі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.