
Азат елдің айрықша қолтаңбасы, ұлттың ұлық нышаны саналатын рәміздеріміздің қабылданғанына да ордалы 30 жыл толып отыр. Баршаңызды осынау тағылымы зор тарихи күнмен шын жүректен құттықтағым келеді.
Көк туымызды кие тұтып, елтаңбамызды ерекше құрметтеп, әнұранымызды асқақ рухымызға айналдыру арқылы біз әлем елдері таныған егемен ел атандық. Әр белгісі байтақ Отанымыздың бағзы тарихынан тамыр тартып, халқымыздың даралығы мен даналығынан сыр шертетін рәміздеріміз мәңгілік елдің мызғымас негіздері. Сондықтан мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік пен кіршіксіз құрмет - әрбір Қазақстан азаматы үшін ортақ міндет.
Олай болса, осынау мерейлі мереке аясында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке – бірлік тілеймін!
Әнұранымыз асқақтап, елтаңбамыздың еңсесі биіктеп, көк туымыздың тұғыры жоғарылай берсін!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.