ХХІІІ АУДАНДЫҚ "САРЫАРҚА - 2022" СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ!

ХХІІІ АУДАНДЫҚ "САРЫАРҚА - 2022" СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ!


Жуырда маусым айының 20-сы күні аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылында жыл сайын дәстүрге айналған XXIII аудандық «Сарыарқа-2022» спартакиадасы өтті. Спартакиданың ашылуына арналған салтанатты рәсімде аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы шежірелі өлкедегі спорт саласының даму қарқынына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Осыдан кейін, құттықтау сөз кезегі шараға арнайы келген спорт саласының ардагері, ұзақ жылдар аталмыш салада басшылық лауазымдарда абыройлы еңбек еткен А.Қызыловқа беріліп, құрметті азамат көпшілікке деген жүрекжарды лебізін жолдады. Ауылдық елді мекендердегі спорт саласының дамуы сынға түсетін дүбірлі додаға ауданға қарасты 17 кент пен ауылдық округтертен келген командалар кір тасын көтеру, үстел теннисі, армрестлинг, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, президенттік көпсайыс, футбол, асық ату, волейбол, бес асық сынды спорттың 12 түрі бойынша өзара бақсынасты. Екі күнге созылған спорт сайысының нәтижесінде командалық есепте жалпы саны 444 ұпай иеленген Ақадыр кентінің құрама командасы жүлделі 1 – орынды жеңіп алса, ІІ орынды 369 ұпай санымен Нұраталды ауылдық округінің командасы еншілеп, ІІІ орынды 317 ұпай саны бойынша Өспен ауылдық округінің командасы иеленді. Спартакиаданың жабылу рәсімінде ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Ахмедия барша қатысушыларға алғысын білдіріп, жүлдегерлерге арнайы кубок, медалдар мен «Алғыс хаттар» табыстады.