Облыс, қала, аудан әкімдері аппараттарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында ХХІІ облыстық спартакиада өтті.

Облыс, қала, аудан әкімдері аппараттарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында ХХІІ облыстық спартакиада өтті.

Кенді аймағымыз Қарағанды қаласында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, облыс, қалалар, аудандар әкімдері аппараттарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында ХХІІ облыстық спартакиадасы өтті. Ағымдағы жылдың мамыр айында Балқаш қаласында Оңтүстік аймақтық спартакиадасына қатысқан Шет ауданы 3 спорт түрі бойынша жеңімпаз атанып, облыстық спартакиададаға жолдама алған болатын. Нәтижесінде аудан споршылары командалық есепте қол күрестен - І, кір тасын көтеруден - ІІ, үстел теннисінен - ІІІ орындарды иеленіп қайтты. Аудан спортшыларының жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз!