Жуырда аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлының төрағалығымен және Шет ауданы қорғаныс істері біріктірілген бөлімінің басшысы Р.Серебаевтың қатысуымен "2022 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ауыл ,кент әкімдерімен және оқушы студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша зум режимінде жиналыс өткізілді.