Құрметті бұқаралық ақпарат қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті бұқаралық ақпарат қызметкерлері!  Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген екен. Бұл сөз бүгінде тек баспа басылымдарына ғана емес, заманауи электронды БАҚ-тарға, ақпарат агенттіктеріне де қатысты айтылса керек. Сіздердің әр жарияланымдарыңыз бен көтеретін мәселелеріңіз қарапайым халықтың ойлары мен пікірлерін, ұмтылыстары мен үміттерін көрсетеді. Әрқашан жұртшылықтың ортасында болып, қоғамымызда орын алып жатқан жайттарды көрсетіп, жауапкершілігі аса жоғары салада тер төгіп жүрсіздер.
Осы орайда, баршаларыңызды тағы да бір мәрте кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шалқар шабыт тілеймін!
Қаламдарыңыз ұшқыр, жазарларыңыз ұтқыр болсын!!!
Құрметпен,
Шет ауданының әкім М.Мұхтаров