МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


Бүгін аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полиция күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік шара өтті. Аталмыш шарада аудан әкім М.Мұхтаров қос бірдей сала қызметкерлері мен сала ардагерлерін мерекемен құттықтап, ұзақ жылдар бойы ауданымыздағы қаржы саласын абыройлы басқарып келе жатқан М.Жонкинаны Мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттігінің ведомстволық «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және ауданымыздағы мемлекеттік қызмет пен полиция бөлімінде табысты еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді облыс, аудан әкімдерінің «Құрмет» грамоталары мен «Алғыс хаттарымен" марапаттады. Сонымен қатар, шара барысында "Аманат" партиясы Шет аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Баданов партияның "Алғыс хатын" және ауданның полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі М.Менисов облыстық полиция департаментінің төс белгісін, "Қазақстан полициясына 30 жыл" мерекелік медалін, ҚР ішкі істер Министірінің "Алғыс хатын", облыстық Полиция Департаменті бастығының "Алғыс хатын" табыстады. Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.