СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ



Биыл ғана елімізде 24 маусым - Сот және сот қызметкерлері күні болып белгіленген болатын. Осыған байланысты аталған сала мамандарымен аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар, Конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке адамның құқығы мен заңды мүддесін қорғауға қосқан үлесі үшін ауданымыздың сот жүйесіндегі бірқатарын қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыс етті.