
Бүгін аудандық Полиция бөлімінің қабырғасына Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойына орай, Ұлы Отан соғысының ардагері, майданда көрсеткен ерлігі үшін I, II дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" медалының, "Қызыл жұлдыз" орденіның иегері, милиция полковнигі, жерлесіміз Досжан Бекенұлына арналған ескерткіш орнатылды. Аталмыш тақтаның жабуын салтанатты түрде аудан әкімі М.Мұхтаров пен ішкі істер органдарының ардагері И.Жолғұттытегі ашты. Аудан басшысы өз кезегінде Досжан ағамыздың өмірі кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге болатынын жеткізді және барша полиция қызметкерлерін бүгінгі айтулы мерекелерімен құттықтады. Шара барысында ағамыздың аруағына арналып құран оқылып, дұға бағышталды. Елі мен жері үшін адал қызмет еткен асылдарды ардақтап, жауһарларды жарқыратып, о дүниелік болған азаматтардың рухына бас иіп, тағзым ету, ұрпақтарының азаматтық борышы.