Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, ардақты сала ардагерлері!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, ардақты сала ардагерлері!



Баршаңызды жаздың жайма шуақ күнімен қатарласа келетін қос мереке - Мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау қос саланың қайсын алып қарасақта мемлекет тұрақтылығын нығайтып, ел экономикасын дамытуда, әлеумет әлеуетін арттырып, Мемлекет Басшысының міндеттемелерін іске асыруда аса маңызы зор. Оның ішінде дәл осы күні Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң қабылданғанына ордалы 30 жыл толып отыр. Олай болса, ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігі жолында қажырлы қызмет атқарып жүрген ауданымыздағы барша полиция қызметкерлерін мәртебелі мерейтоймен тағы бір мәрте құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Дана жұртымызда «Билігі мықты елдің - берекесі тұрақты, тәртібі мықты елдің - мерекесі шуақты» деген аталы сөз бар. Шынымен де қазіргі таңда қос мамандық иелеріне артылар жауапкершілік жүгі жоғары, атқаруы тиіс жұмыс көлемі ауқымды. Мемлекеттік қызметші не полиция қызметкері болсын екеуінің де алға қойған мақсаты бір. Ол байтақ Отаны мен туған халқына адал қызмет ету. Сол себепті, мемлекетіміздің беделі мен қорғаны болып табылатын қос бірдей мәртебелі қызмет иелеріне деген халық сенімі мен құрметі қашанда жоғары. Осы орайда, ауданымыздағы мемлекеттік саясат пен байыпты бағдарламаларды іске асырып, халық пен билік арасына алтын көпір болуда және құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кейінгі буынға сара жол салып берген сала ардагерлері аға – апаларымызға және киелі де қастерлі жолда жүрген барша әріптестеріме аса зор алғысымды білдіремін.
Әрқайсыларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, Жаңа Қазақстан құру жолындағы қажырлы қызметтеріңізге толағай табыстар мен сәттілік тілеймін! Ынтымағымыз тұрақты, аспанымыз шуақты, мемлекетіміз қуатты болсын!
Ізгі ниетпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров