АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті. Ауданға қарасты ауыл, кент әкімдері мен сала бөлім басшылары қатысқан аталмыш отырыста елді мекендердегі кәсіпкерлік және өзге де мақсатта пайдалануға берілген жер телімдеріне жүргізілген талдаудың қорытындысы айтылып, жазғы өрт қауіпсіздігі мен суға шомылу маусымының өту барысы туралы баяндамалар жасалды. Сондай - ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және аудан аумағындағы ветеринарлық эпизоотиялық жағдай туралы мәселелер көтеріліп, ортақ талқыға салынды. Нәтижесінде аудан басшысы әр салаға байланысты алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды межелеп, жауапты басшылыққа тиісті тапсырмалар берді.