
Құрметті азаматтар мен Шет ауданының қонақтары!
Жыл сайын шомылу маусымында облыс аумағында адамдардын суға кету қайғылы оқиғалар азаяр емес !!!
Осыған байланысты, Сіздерден суға шомылу қауіпсіздігін қатаң сақтауға және төмендегі ережелерді қатаң орындауды сұраймыз:
-шомылуға арналмаған жағажайлар мен тоғандарға суға шомылуға қатаң тыйым салынады;
-ішімдік ішуден аулақ болыңыз;
-шомылуға арналмаған тоғандар мен суаттарға балалардың бармауын өз бақылауыңызға алыңыз;
-суға шомылу мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-суға шомылу кезінде жағажайдан алысқа жүзімеңіз.
Осындай қарапайым сақтандыру шараларын орындасаңыз Сіз және Сіздің жанұяңыз қашанда жазғы демалуда қауіпсіз өткізе аласыз.
Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі