
Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды басымды бағыты деп жариялады. Шынымен де дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып келеді. Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша, мектеп және оның өскен ортасы. Сондықтан бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік. Балауса балғындарымызды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңе саулық, оқуларына табыс, бейбіт өмір мен бақытты балалық шақ тілеймін.
Болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.