
Ағымдағы жылдың 26-30 мамыр аралығында Бұқар жырау ауданының, Петровка ауылында ұлттық спорт түрі көкпардан 2000 - 2004, 2005-2007 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасында Қарағанды облысының чемпионаты өткен болатын. Аталмыш сайысқа өңіріміздің 7 ауданының құрама командалары арнайы қатысты. Ауыздығымен алысқан арғымақтарын тақымдап, кілең сайыпқырандар топқа түскен бәсекеде біздің аудан спортшылар ақтық кездесуде Жаңаарқа ауданының көкпаршыларымен кездесіп, нәтижесінде 5 - 4 есебімен жеңіске жетті.Ауданымыздың абыройын асырып, ұлттық спортты ұлықтап жүрген көкпаршыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!