
Бүгін аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінің әкімі жергілікті тұрғындар алдында 2022 жылы 1 тоқсан бойы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы есептік кездесуін өткізді.
Маңызды жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин мен сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында өткен жылы ауыл игілігіне ауқымды істердің атқарылғандығы көрінді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар ауыл әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына алғыстарын айтып, алдағы уақытта әлі де қажеттілікті туындататып отырған, жайылым жер, балалар ойын алаңы, тазалық, ауылішілік жолдарды жөндеу сынды мәселелерді шешуді алға тартты.
Аталмыш сұрақтарға ауыл әкімі жауаптарын беріп, тұрғындар тарапынан туындаған мәселелерді шешу бойынша қаржылық сұраныс жасалатынын, бөлінген қаражатқа сәйкес, жоспарлы жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.