
Бүгін аудан мекемелері арасында шағын футболдан аудан әкімінің кубогы өтті. Жарысқа аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, Жамбыл Ақылбаев атындағы мектебі, Шет агротехникалық колледжі, Үңірек, Бұрма ауылдық округтері әкімдіктері, ауданның өрт сөндіру бөлімі, Аксу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, ауданның мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жалпы саны 9 команда қатысып, өзара бақсынасты.Жарыс нәтижесінде қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан Үңірек ауылдық әкімдігінің командасы жүлделі І орынды қанжығалап, ІІ орынды аудан әкімдігі иеленіп, ІІІ орынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы місе тұтты.