
Ағымдағы жылдың 16 - 18 мамыр күндері аралығында Қарағанды қаласында «тірек қимыл аппараты зақымданған, есту және көру органдары зақымданған мүгедек-спортшылар арасында" V-ші облыстық спартакиада» өткен болатын. Аталмыш байқау дойбы, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен өтіп, нәтижесінде аудан құрама командасы командалық есепте жүлделі 4 орынды иеленді. Сонымен қатар, жекелей ашық біріншілікте ауданымыздың тұрғыны А.Тажибаев жеңіл атлетика жарысы бағдарламасындағы ядро лақтыру спортынан 2 орынға қол жеткізіп, үстел теннисінен М. Каракекилов күміс жүлдегер атанды. Осы орайда, салауатты өмір салтын насихаттап, ауданымыздың намысын дүбірлі додада қорғай білген аудан азаматтарына алғысымды білдіріп, жетістіктерімен құттықтаймыз. @samatahmediya