
Ауданымызға қарасты Ақжал мен Ақшатау кенттерінің әкімдері кент тұрғындары алдында 2022 жылдың 1 тоқсаында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев қатысып, тұрғындар тілегіне құлақ асты.
Кездесулер барысында кент тұрғындары өздерінің өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың жеке сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап беріп, кейбір мәселелер жұмыс жоспарына алынды.
Сонымен қатар, кездесуден кейін аудан әкімінің орынбасары жеке қабылдау өткізді.