Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді порталда білуге болады egov.kz

Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді порталда білуге болады egov.kz

Егер сізге Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер талап етілсе, сіз бұл сұрауды электрондық үкімет порталы арқылы оңай ресімдей аласыз egov.kz

Осы мемлекеттік қызметті алу үшін талап етіледі:

Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе бір реттік смс парольмен қол қою.

Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге көрсету.

Қызметтің нәтижесі: берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді электрондық түрде беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Қызмет көрсету мерзімі: берешектің жоқтығы туралы мәліметтер-сұрау түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей.