
✅Бүгін ауданымызға қарасты Үңірек ауылында Жеңістің 77 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты мемориалдық тақта ашылды. Аталмыш тақтаны орнатуға жергілікті ауыл тұрғындары мен осы ауылдан түлеп ұшып, еліміздің әр өңірінде жемісті еңбек етіп жүрген елжанды азаматтар демеушілік көрсеткен.
✅Шараға аудан әкімі мен ауылдан түлеп ұшқан азаматтар арнайы келіп қатысып, алдымен жергілікті имам марқұмдардың рухына арнап құран бағыштады.
✅ Мемориалдық обелискіні салтанатты түрде ашу құрметі аудан әкімі М.Мұхтаров пен ауыл ақсақалы Ө.Оралбаевқа беріліп, тақта басына гүл шоқтары қойылды.
✅Сонымен қатар, жиылған көпшілік қаза тапқан марқұмдардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Тиісті рәсімдерден кейін, аудан басшысы мен ауыл ақсақалы құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікті қуанышты күндерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
✅Аталмыш шараны аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жалғап, патриоттық әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл - күй сыйлады. Дәл осындай жеңіс күніне арналған шаралар ауданымызға қарасты елді мекендерде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.