АУДАН БАСШЫСЫ ТЫЛ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

АУДАН БАСШЫСЫ ТЫЛ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Жеңіс күні мерекесіне орай, ауданымыздағы "Алтын алқа" иегері, тыл ардагері Бекеева Зура апанын шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.
Зура апа 1936 жылы дүниеге келген. Өмірге 8 бала әкеліп, оларды бағып - қағып өсіріп, немере мен шөбере сүйіп отырған ардақты ана, аяулы әже. Жұбайы Бекеев Төлеуқұл ата 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, сұрапыл майдан даласынан елге аман - есен оралып, бейбіт өмірде ауданымызда ұзақ жылдар абыройлы қызмет жасаған. Өз кезегінде Зура әже үлкенді құрметтеп, мерекеге орай, арнайы келіп құттықтап жатқан аудан басшысына ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді.Айта кетелік бүгінгі таңда ауданымызда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 41 тыл ардагері бар. Бейбіт өмірді сыйлаған осынау ардагерлерге деген кіршіксіз құрмет пен ерекше ілтипат әрбір азаматтың қасиетті парызы.