
Елімізде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесі.Осынау мерейлі мерекеге орай, ауданымызда шағын футболдан Шет ауданы әкімінің кубогі өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин қатысып,азаматтарды мерекемен құттықтап, барша спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 9 команда қатысты.Теңбіл доп шеберлері бас қосқан додаға ауданымызға қарасты Ақжал, Ақадыр, Нұраталды, Талды, Шопа, Тағылы, Ақсу-Аюлы -1,2, Үңірек елді мекендерінен командалар қатысып,өзара бақсынасты. Жарыстың нәтижесі бойынша басым түскен топтарды марапаттау салтанатына аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы қатысып, жеңімпаздарға ауданның мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубок, медалдары мен мақтау қағаздарын сондай - ақ бағалы сыйлықтарын табыстады.Айта кетейік, дүбірлі сайыста 1-орыннан Ақжал құрамасы көрінсе, 2-орын Үнірек ауылдық командасы иеленіп, 3-орынды Ақсу-Аюлы ауылдық командасы місе тұтты.