
Ағымдағы жылдың 2-3 мамыр аралығында Қарағанды қаласында қазақша күрестен "Сарыарқа Барысы" облыстық іріктеу турнирі өтті. Аталмыш турнирде ауданымыздың атынан барған Оралов Ақжігіт қарсыластарынан басым түсіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен бірге Ақжігіт алдағы шілде айында Нұр - Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан барысы республикалық турниріне лицензия ұтып алды.Білекті балуанымызға республикалық байрақты бәсекеде сәттілік тілейміз!