
Бүгін ауданымызда облыс әкімінің орынбасары Е.Әліқұлов арнайы жұмыс барысымен болды. Сапар барысында аймақ басшысының орынбасары Ақадыр кентіне барып, ондағы мәдениет үйінде кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері, облыстық мәслихат депутаты С.Асан, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық полиция бөлімінің бастығы М. Менисов пен кент және жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары қатысты.Алқалы жиында Ақадыр кентіне аудан статусын қайтару мәселесі көтеріліп, жұртшылықтың жан - жақты пікірі ортақ талқыға салынды. Сонымен бірге облыс әкімі орынбасары мен аудан әкімі тарапынан аталған мәселенің жоғары тұрған органдарға жеткізілгені айтылды.