
Бүгін Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ұлттың ұлы тұлғасы, ағартушы ғалым, мемлекет қайраткері, ақын – жазушы, педагог, аудармашы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай, «Ұлтымыздың ұстазы - Ахмет Байтұрсынов» атты аудандық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Тағылымды шараға ардагер ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері, сондай – ақ, барлық кітапханашылар қатысты. Іс – шара барысында орталық кітапхана қызметкерлері дайындаған «Қазақ халқының рухани көсемі» атты театрландырылған көрініс пен «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында вертуалды кітап көрмесі көрсетілді. Сонымен бірге, аудан орталығындағы академик Ж.Ақылбаев атындағы мектеп – гимназиясының ұстаздары мен кітапханашы мамандары баяндама оқып, ағартушы тұлғаның жан – жақты шығармашылық, ағартушылық қырларына тоқталды. Ал, ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен Шет агротехникалық колледжінің студенттері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында кітапхана директоры М.Нурпеисова конференцияға баяндама әзірлеп және жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған жандарға дипломдар мен алғыс хаттар табыстады!