Кеше аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен орталық "Жаңғұтты би" атындағы мешітте ауызашар берілді. Отыз күн ораза тұтқан жандарға арналған ізгі шараға аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, барша жамағатты рамазан айымен құттықтап, береке - бірлікке шақырып жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, аудандық мешіттің бас имамы Ерлан қажы құран оқып, мағыналы уағыз насихаттарын айтса, ауыл ақсақалдары жайылған дастарханға ақ баталарын берді.