ОБЛЫС ӘКІМІ ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

ОБЛЫС ӘКІМІ ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Шет ауданының тұрғындарымен кездесіп, ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандыратынын білді. Жедел әрекет ету үшін кездесуге мемлекеттік қызмет өкілдері қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі М.Мұхтаров былтырғы 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларына тоқтала кетті. Өңір басшысы сапалы ауыз суға қол жеткізуі бойынша жұмыс жалғастырылатынын. Бұрма ауылындағы су құбыры желісін қайта құру жұмыстары жүргізілетінін. Ақсу, Қызылқой, Қызылтау, Ақбауыр, Еңбекшіл ауылдарын сумен жабдықтау және Ақсу-Аюлы орталықтандырылған кәріз құрылысы бойынша жобалар дайындалытынын айта кетті.

"Ашық микрофон" түрінде өткен жиында тұрғындар өзекті сұрақтарын қойды. Ауыл тұрғындары электр энергиясының жиі өшіп қалуына, орталықтандырылған сумен жабдықтаудың және қалыпты интернеттің болмауына, жолдардың нашарлығына шағымданды.

"Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша аудандағы жолдарды абаттандыру және жөндеу жұмыстары жалғасады.
Аудан әкімі М.Мұхтаров өз кезегінде , биыл Ақжалдағы 19 ауылішілік жолға орташа жөндеу және асфальттау жүргізу жоспарлануда.
Биліктің басты міндеттерінің бірі – тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету. Өткен жылы 9 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.  Биылғы құрылыс қарқыны одан кем болмайды деп жоспарлануда. Атап айтқанда, Ақадыр кентінде 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Ауданда кәсіпкерлік, білім және денсаулық сақтау салаларына көңіл бөлінуде. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері ауданда 13 жоба жүзеге асырылып, 119 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы Киікті ауылында 150 орындық жаңа мектеп салынды. Сол кезде Әлімхан Ермеков атындағы мектеп жанындағы спортзалдың құрылысы басталды.

Орталық аурухана жанындағы инфекциялық бөлімше мен Ағадырдағы аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіледі. Жұмыстарды 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.
Өспен ауылындағы Мәдениет үйі жөнделетін болады.
Ауданның дамуы ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Тұрғындар ұзақ уақыт мал сою алаңын сұрады. 2021 жылы ондай алаң Ақсу-Аюлы ауылдық округінде салынған. Қазір Красная поляна ауылында 20 мың тонналық