БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!

БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!

Бүгін аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылында «1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай, ХІІ аудандық жеңіл атлетика жарысы ұйымдастырылып, өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған жарысқа ауданымызға қарасты ауыл, кенттер мен білім ордаларынан 20 команда, жалпы саны 340-қа жуық спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, жиылған қауымды мерекемен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. 8 жас ерекшелігі бойынша (7-8, 6 – 7, 8-9, 10-11 сыныптар мен 18-29 жас, 30 - 40 жас, 40-50 жас, 50 – 60 жас және 60 жастан жоғары) өткен жарыс нәтижесінде үздіктер жекелей және командалық есеп арқылы анықталды. Оларға ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медал, кубок, грамоталары және бағалы сыйлықтары табысталды. Айта кетейік, жалпы қорытынды бойынша 1-орын Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясы, 2-орынды Үңірек ауылдық округі, 3 - орынды Бұрма ауылдық округі иеленді.