
Бүгін «1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне» орай, аудан әкімі М.Мұхтаров аудан орталығындағы 87 жастағы қарт ана, еңбек ардагері Савина Светлана Павлқызының шаңырағына арнайы барды. Аудан басшысы бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардақты ананы құттықтап, мерекелік себет пен сыйлықтарын табыстады. Светлана апа 1935 жылы дүниеге келген. Өмірге үш бала 2ұл, 1қыз әкелген. Кеңестік кезеңде аудан орталығындағы быткомбинатта тігін шебері болып абыройлы еңбек етеді. Ұзақ жылғы еселі еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», Социалистік жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері» медалдарымен қатар, түрлі деңгейдегі «Құрмет» грамоталары мен «Алғыс хаттармен» марапатталған. Өз кезегінде Светлана апа бірлік мерекесінде арнайы келіп жатқан аудан басшысына ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.