
Елімізде 1мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күні" мерекесі. Бүгін осыған орай, аудан орталығындағы мәдениет үйі алаңында мерекелік шаралар өтті. Алаң мерекеге сай безендіріліп, аудан тұрғындары үшін төмен бағадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен ақшаңқан сауда павильондары өз қызметтерін ұсынды. Бұлардан бөлек, жиылған қауым алдымен аудан мекемелері ұйымдастырған түрлі ұлт өкілдерінің тағамдарынан тегін дәм татып, әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін қызықтады. Осыдан кейін, орталық сахнада "Ұлттар достығы татулықтың тал бесігі" атты мерекелік шара басталып, құйқылжыған күй мен мың бұралған бишілердің өнерлеріне кезек берілді. Аталмыш шарада аудан әкімі М.Мұхтаров тұрғындарды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігі күні аудан тұрғындары үшін сүйікті мерекеге айналғанын және бұл күн барлық этностарды одан әрі біріктіріп, достық пен келісімге шақыратынын атап өтті. Дәл осы күні спорттық іс – шараларда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан естелік сыйлықтар табысталды.Жалпы дәл осындай мерекелік шаралар ауданның барлық елді мекендерінде өтті.