
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Осы орайда қасиетті айда жасаған ізгі амалдарыңыз, қайырымдылық ізгі істеріңіз қабыл болып, жарасымды жалғасын таба берсін деп тілеймін!
Халқымыздың береке-бірлігі мен ырыс - несібесі молайып, иманды ұрпақтарымыз көбейе берсін!
АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!!!