ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БАСШЫ.

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БАСШЫ.


Шет ауданының аудандық жастар ресурстық орталығының директоры лауазымына Ахметов Асхат Жанатұлы тағайындалды. А.Ахметов 1988 жылдың 17 желтоқсанында Шет ауданының Ақсу – Аюлы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Осыған дейін, көлік және коммуникация колледжінде музыка өнерінің жетекшісі, Ақмола облысы, Қосшы қаласындағы мектепте музыка пәнінің мұғалімі және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Шет ауданының білім бөлімінің әдіскері болып қызмет атқарған.