
Бүгін еліміздің оңтүстігі Шымкент қаласында өтіп жатқан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесінде "Ақсу-Аюлы ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Сайлау Нұрдаулет Мұхитұлы қола жүлдегер атанды.Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алар асулары биік болсын деп тілейміз. Аталмыш жарыс 25- 30 сәуір аралығында жалғасын таппақ.Сондықтан, балуандарымызға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне сенім білдіреміз.