
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА!
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Өспен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс сапар барысында Өспен және Еркіндік елді мекендерінің өткір тұрған сұрақтары бойынша түсіндірме беріп, жыл басынан атқарылған жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу барысында Еркіндік ауылына мәдениет үйі, таза ауыз су, сапалы жол және мал қорымы керек екендігін алға тартса, Өспен ауылының тұрғындары мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары, жайылым жер алу және жедел жәрдем керек екенін жеткізді. Туындаған барлық мәселелерге тиісті жауаптары беріліп, шешілу жолдары түсіндірілді. Жиын соңында аудан басшысы ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер алда атқарылатын жұмыс жоспарына алынды.