АУДАН ӘКІМІ БАТЫҚ, АҚОЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

АУДАН ӘКІМІ БАТЫҚ, АҚОЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.



Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен Батық, Ақой ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аудан басшысы алдымен өткен жылдың ерекшеліктері мен атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Батық ауылында өткен кездесуде тұрғындар ауылда дәріхана және жаңа мешіт керек екендігін айтып өтсе, ал Ақой ауылы тұрғындарының басты мәселесі таза ауыз су қажеттілігі болып отыр. Сондай-ақ ауылда мал ұрлығы фактілерінің ашылуын қадағалау керек екендігін жеткізді. Сонымен қатар кездесуде айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар жасалынып, аудан басшысы ауыл әкіміне және бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Орындалуы тұрақты түрде бақылауда болатынын айтты.