АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


 
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына келешекте қомақты үлес қосатын маңызды инвестициялық жобаларды қарастыру жұмыстары бойынша бірқатар өнеркәсіп саласындағы кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді.
Осы бағытта, кәсіпорын басшылары индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы жөнінде жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы мен жаңадан ашылатын зауыттардың жұмыс орындарына тоқталып өтті.
Жиын соңында аудан әкімі тарапынан кәсіпорын басшыларына біршама міндеттемелер қойды. Ол талаптардың ішіндегі бастысы кәсіпорындардың барлығы аудандық салық басқармасына тіркелу. Қойылған міндеттемелерді кәсіпорын басшылары жақын арада орындайтынын жеткізді.