
Жуырда ауданымыздың спортшылары 25-30 сәуір аралығында Шымкент қаласында өтетін қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында өз бақтарын сынамақ. Осыған орай бүгін ауданның мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Ахмедия бөлім атынан аталмыш чемпионатқа жолдама алған 9 балуанның әрқайсына 2 берен күртешеден табыстады. Ал, өздеріне арнайы көңіл бөліп, байрақты бәсекеге баруларына ерекше көңіл бөліп жатқан бөлім басшысына спортшыларда алғыстарын жеткізді.Осы орайда, ел мен ердің намысы сынға түсетін дүбірлі додада ауданымыздың спортшы балуандарына сәттілік пен жеңіс тілейміз.