
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалық етуімен өткен кезекті кеңейтілген аппарат отырысында бірнеше маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жауапты мекеме басшылары баяндама жасап, апта сайын атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Жиында әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстарыда талқыланды.
Сондай-ақ, аудан басшысы орын алып отырған кемшіліктерге баса назар аударып, тиісті сала басшысына әлеуметтік қорлардан алғашқы кезекте ұн мәселесін шешу жолдарын және алда келе жатқан мерекелер өз мәнінде өту үшін бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.