«OPEN JUDO KIDS» Академиясының ашық біріншілігі өтті.

«OPEN JUDO KIDS» Академиясының ашық біріншілігі өтті.

2022 жылдың 16 – 17 сәуір күндері Теміртау қаласында дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында «OPEN JUDO KIDS» Академиясының ашық біріншілігінде ауданымыздың балғын балуандары қатысып жүлдемен оралды. Еліміздің түкпір-түкпірнен жиналған 25 қала, аудандардан жиналған командалардың ішінен, 2009 – 2010 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында 38 келі салмақ дәрежесінде Советов Мансұр 3 – орынды иеленсе, 2011 – 2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында 32 келі салмақ дәрежесінде Амандық Әбілмансұр чемпион атанды. Байрақты бәсекелерде еліміздің туын көкке көтеретін спортшыларымыз көп болсын.