Аудан аумағындағы криминогендік ахуал және құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Аудан аумағындағы криминогендік ахуал және құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Бүгін аудан прокуроры Е.Жаппардың ұйымдастыруымен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Кәрсембаевтың және кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен ZOOM бағдарламасы арқылы  аудан аумағындағы криминогендік ахуал және құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес отырысында аудан бойынша көп кездесетін мал ұрлығы, алаяқтық қылмыстарының түрлері мен жасалу жолдары туралы баяндады.

Сондай-ақ, Шет аудандық ПБ ЖПҚ УПИ-ның жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралары талқыланды.

Жиын соңында аудан прокуроры аумақтағы қылмыстың өсу тенденциясын алдын алу үшін жан-жақты ұйымдастырушылық шаралар қабылдауды, жергілікті атқарушы органдарға және ішкі істер органдарына ведомстволық бақылауды күшейту туралы бірқатар нұсқаулар берді.