СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ЖАЛҒАСУДА!

СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ЖАЛҒАСУДА!


Бүгінгі таңда ауданымыздағы жасөспірімдерді спортқа баулу, дзюда күресін дамытуға бағытталған дүбірлі додалар жарасымды жалғасын табуда. Ұйымдастырушы ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Осыған дейін, 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық ашық біріншіліктер Ақадыр,Ақсу - Аюлы елді мекендерінде өтсе, аталмыш сайыс бүгін ауданымыздағы С.Сейфуллин кентіндегі балалар мен жасөспірімдер мектебінде жалғасты. Жас балуандар бәсекесіне ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Ахмедия арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Облыстық жарыстарға дайындық пен іріктеуде мақсат еткен біріншілікте балуандар 5 салмақ дәрежесінде аудан аумағындағы Талды, Өспен, Босаға, Дәрия, Ақсу – Аюлы,С.Сейфуллин, Ақадыр елді мекендерінен келіп, өзара бақсынасты. Бабы мен бағы қатар келіп, жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлер ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамота, медальдарымен марапатталды.