Аудан бойынша су тасқыны кезеңінің өту барысы тұрақты бақылауда. Су тасқыны қаупі жоғары елді мекендердің барлығында дайындық жұмыстары жүргізілді. Ауа райының күрт жылынуына байланысты өткен аптада дала сулары мен өзендерде қозғалыс байқалып, қазіргі таңда өзендер арнасымен толық жүруде.
Су басу қауіпі бар елді мекендерде құм толы қапшықтар дайындалып, елді мекендердің ішкі көшелерінің арықтары мен су ағар құбырлары толығымен тазартылды. Қауіпті аймақтарда кезекшілік ұйымдастырылды.
Аудан бойынша 35 су тоғаны бар, оның 26 аудандық, 7 облыстық, 2 су тоғаны жеке меншік иелігінде. Аудандағы қауіпті саналатын су қоймаларына рейдтік іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіліп, қауіпті саналатын су тоғандарының қашыртқылары тазаланды.
Көктемгі cу тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға тартылатын күштер мен құралдар дайындыққа келтіріліп, төтенше жағдайлардың алдына алу мақсатында резерв қоры құрылды.
Қазіргі таңда ауданның азаматтық қорғау құрылымдары мен күштері су тасқыны кезеңіне дайын.