Құрметті аудан тұрғындары!Қадірменді жерлестер! Баршаңызды исі мұсылман қауымы үшін қасиетті – Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары!Қадірменді жерлестер! Баршаңызды исі мұсылман қауымы үшін қасиетті – Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – әлемдегі барша мұсылмандардың бірдей құлшылық жасап, ниеттерін бір арнаға тоғыстыратын берекелі ай. Бұл айда мұсылман қауымы өзін күндіз ас-судан тыйып, сабыр мен төзімге тәрбиелеумен бірге, бір-біріне деген сүйіспеншіліктің, қайырымдылық пен мейірімнің, ізгілік пен ілтипаттың үлгісін көрсетеді. Рухани кемелденіп, жан-дүниесі тазарады. Содан болса керек, халқымыз Рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп, «Он екі айдың сұлтаны» деп қадірлеген.
Ораза – адамзат баласын сабырлыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақыратын қасиетті парыздың бірі. Осы орайда ынтымағы мен бірлігі жарасқан шежірелі өлкеміздің тұрғындары да Рамазан айын лайықты қарсы алып, сауапқа толы сауатты амалдармен өткізеді деп сенемін. Құрметті ағайын!
Сіздерге осы қасиетті айда береке-бірлік, зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін! Еліміз гүлденіп, ауданымыздың ажары арта берсін!