
Бүгін қасиетті Рамазан айы қарсаңында президент Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады.
✅ Бүгін, 1 нен 2 сәуірге қараған түні ораза басталады, сағат 05:13 – ке дейін сәресін ішу керек.
Шариғат нұсқамасына және ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындыларына сәйкес, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр-Ораза айт. Биыл ораза 30 күнге созылады. 27-28 сәуірге қараған түні-қасиетті Құранға арналған Қадір түні.
Бүгін еліміздің мешіттерінде Тарауық намазын, яғни түнгі намазды оқи бастайды. Ол бірінші түннен басталып, Рамазан оразасының соңғы түнінде аяқталады.