
Су тасқыны кезеңінде облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ауа-райының күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, жауын-шашынның түсуі облыс бойынша су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін.
Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының санитариялық-гигиеналық нормалардың талаптарына сәйкес келмеуі инфекциялық және басқа аурулардың пайда болуына қауіп төндіріп, бұл бүкіл өңірдің эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Профилактикалық іс-шараларды өткізуге жаппай халықтың, әсіресе ауылдық жерлерде және қалалық үй-жайлардың жеке секторында қоныстанған тұрғындардың белсенді қатысуы қажет. Ауладағы қарды тазалау, еріген суды ағыспен жіберу жұмыстарын уақтылы жүргізілуі тиіс. Жеке үй иелеріне еріген судың алдын алу шараларын, сондай-ақ қолдануға рұқсат етілген дезинфектанттарды пайдалана отырып, құдықты алдын-ала дезинфекциялауды ұсынамыз.
Бұл ретте халықты сапалы және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету тек бақылаушы органдарға ғана емес, сонымен қатар сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге жауапты пайдаланушы ұйымдардың, зертханалық қызметтердің және субъектілердің жұмысына да байланысты екенін атап өткіміз келеді.
Су тасқыны кезінде тұрғындарға:
- ұңғымалар, құдықтар аумағын тексеруді;
- су көздеріне түсуіне еріген судың ағуын болдырмау үшін қардан тазарту және қажет болған жағдайда қар суының құдыққа ағуына жол бермеу;
- су тасқыны басталғанға дейін септиктен немесе дала дәретханасының шұңқырынан ағынды суларды тазартып алыңыз;
- қазылған шұңқырларға 50 м жақын орналасқан бұлақтар мен қоғамдық құдық суын ішуге және тамақ дайындауға пайдаланбаңыз;
- ішек инфекцияларының, гепатиттердің және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында құдық суын қайнатпай пайдалануға болмайтынын ескертеміз.
Жеке гигиена ережелерін сақтау су тасқыны кезеңінде міндетті шарт болып қала береді.
Қарағанды облысының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті