Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Ақжал кентіне іс сапар барысында жергілікті қоғамдастық өкілдерімен және ақсақалдар алқасымен кездесті. Кездесу барысында кенттің өзекті мәселелеріне тоқталып, ағымдағы жылы жасалатын ірі жоспарлармен бөлісті. Жиынды қорытындылай келе аудан әкімі барлық ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын, билік пен қоғам бірлесе жұмыс жүргізсе айтарлықтай нәтижеге жетуге болатынын атап өтті.